Іргелі медицина кафедрасы ТДМ аясында кене энцефалитінің алдын алу бойынша акция өткізді — ҚазҰУ

91ý

Іргелі медицина кафедрасы ТДМ аясында кене энцефалитінің алдын алу бойынша акция өткізді

29 сәуір 2026
Іргелі медицина кафедрасы ТДМ аясында кене энцефалитінің алдын алу бойынша акция өткізді

Іс-шара есебі: Іргелі медицина кафедрасы ТДМ аясында кене энцефалитінің алдын алу бойынша акция өткізді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Іргелі медицина кафедрасының Медицина 25-01м амандығының   студенттері  мен оқытушылар құрамы Алматы қаласының тұрғындары мен жастары арасында маңызды санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізді. Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 3: Жақсы денсаулық пен әл-ауқат) жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Алматы аймағының кене энцефалиті бойынша табиғи ошақ екенін ескере отырып, біздің еріктілеріміз қалалық саябақтарда, мектептер мен университеттерде ақпараттық науқан өткізді. Іс-шара барысында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

· Түсіндірме жұмыстары: Студенттер кенеден қорғану жолдары, вакцинацияның маңызы және алғашқы көмек көрсету алгоритмдері туралы ғылыми негізделген ақпарат берді.

· Дидактикалық материалдар: Қатысушыларға кене шаққан кездегі іс-қимыл ережелері жазылған арнайы жадынамалар таратылды.

Кафедраның мақсаты — академиялық білімді қоғам игілігіне жұмсау және қаламыздың қауіпсіздігіне үлес қосу.

Постты дайындағандар: м.ғ.д., профессор Кульниязова Г.М. және аға оқытушы, MSc Акимниязова А.Н.