- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ жатақханасында «Бір шаңырақ астында: достық пен бірлік мерекесі» атты іс-шара өтті
ҚазҰУ жатақханасында «Бір шаңырақ астында: достық пен бірлік мерекесі» атты іс-шара өтті
2026 жылғы 28 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінің № 17 студенттер жатақханасында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында: достық пен бірлік мерекесі» атты мәдени-танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай студенттер арасында достық, татулық, өзара сыйластық, бірлік және көпмәдениетті қарым-қатынас құндылықтарын дәріптеу.
Іс-шара барысында алдымен қатысушыларға Қазақстан халқының бірлігі күнінің мәні мен маңызы туралы қысқаша ақпарат берілді. Студенттер бірлік, достық, татулық және өзара құрмет тақырыптарында ой бөлісіп, мерекенің қоғамдағы орны туралы пікір алмасты.
Кездесу аясында «Бірлік мен үшін...» атты интерактив тапсырма ұйымдастырылды. Студенттер бірлік ұғымына қатысты өз ойларын білдіріп, оны достық, түсіністік, қолдау, сыйластық және татулық ұғымдарымен байланыстырды.
Сонымен қатар қатысушыларға Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған танымдық куиз өткізілді. Студенттер мерекенің тарихы, еліміздегі этносаралық келісім, достық пен бірлік құндылықтары туралы сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Іс-шара барысында студенттер «Бір шаңырақ астында» тақырыбында шығармашылық жұмыс жасап, бірлік пен достықты бейнелейтін ойларын ортаға салды. Мерекелік көңіл күй қалыптастыру мақсатында әр ұлттың тағамдарынан құралған дастархан жайылды. Студенттер түрлі ұлттық тағамдардың ерекшеліктері туралы айтып, мәдениеттер арасындағы достық пен сыйластықтың мәнін көрсетті. Дастархан басындағы еркін әңгіме іс-шараның жылы әрі шынайы өтуіне ықпал етті.
Кездесу соңында қатысушылар бір-бірін Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, естелік суретке түсті. Іс-шара студенттер арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, өзара сыйластық пен бірлік құндылықтарын дәріптеуге ықпал етті.
Ұйымдастырушылар: Филология факультеті, түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Контек Айым және 1, 3 курс білім алушылары.