- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы «Шетел филологиясы» (корейтану) мамандығы бойынша XVIII Республикалық олимпиада өткізді
Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы «Шетел филологиясы» (корейтану) мамандығы бойынша XVIII Республикалық олимпиада өткізді
28 сәуір күні Шығыстану факультетінде «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша студенттер арасында XVIII Республикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға Қиыр Шығыс кафедрасының корей бөлімі студенттері, сондай-ақ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері қатысты.
Қазылар алқасының төрайымы ретінде «Шинхан Банк Қазақстан» басқарма мүшесі Юн Ёнхи қатысты. Төрайым орынбасары — Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Абаган А.Б. Қазылар алқасының құрамына Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ аға оқытушысы Ким Ульяна Андреевна және «Alatau Advance Air Group» ЖШС халықаралық ынтымақтастық жөніндегі аға менеджері, Қиыр Шығыс кафедрасының түлегі Кабделова У.С. кірді.
Олимпиада екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар корей тілі бойынша лексика-грамматикалық тест, сондай-ақ Кореяның көне және ортағасырлық әдебиеті бойынша тапсырмалар орындады. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар екінші кезеңге өтті. Қорытынды кезеңде студенттер «Вебтундар арқылы тілді үйренудің тәжірибесі мен тиімділігі туралы» тақырыбында презентациялар дайындап, қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын — Кишлярова Айсауле (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ);
2 орын — Зикиряева Алина (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) және Айтмолда Алина (Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ);
3 орын — Қалаубаева Лийман (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Нұржанқызы Арай және Қыдырғали Альбина (Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ).
Олимпиада студенттердің тілдік құзыреттерін, аналитикалық дағдыларын және креативті ойлау қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналды, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етті.
27–28 сәуір күндері өткен олимпиаданың демеушілері: «BLJ Law & Tax» компаниясы (адвокат Ли Джэук, Алматы қ.), Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің түлектері Қайрахметов Рустам мен Ануарұлы Данияр, сондай-ақ Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің профессор-оқытушылар құрамы.
Басқа жаңалықтар