2026 жылғы 23 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Гендерлік теңдікке қол жеткізудегі халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы әлеуметтік саясат» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Farabi University

91ý

2026 жылғы 23 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Гендерлік теңдікке қол жеткізудегі халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы әлеуметтік саясат» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

29 сәуір 2026
2026 жылғы 23 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Гендерлік теңдікке қол жеткізудегі халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы әлеуметтік саясат» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Іс-шараны «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының магистранттары Амангазина Айғаным, Нұрқанат Надия, Оспанова Дана және Шырынтай Әмина педагогикалық практика аясында тәжірибе жетекшілері Л. Исова және А. Кульбаева, сондай-ақ кафедра қолдауымен ұйымдастырды.

Бағдарлама теориялық және интерактивті форматтарды қамтыды. Тәрбие сағаты барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 5-мақсатыгендерлік теңдік мәселесінің мазмұны мен маңыздылығы қарастырылды. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде гендерлік саясаттың қалыптасуы, оның тарихи дамуы және қазіргі кезеңдегі негізгі үрдістері талданды.

Іс-шара аясында гендерлік теңдік мәселесіне арналған халықаралық сараптамалық және медиаматериалдар ұсынылды. Аталған материалдар гендерлік саясаттың соңғы онжылдықтардағы ілгерілеу динамикасын, сондай-ақ қоғамдағы гендерлік рөлдер мен теңдік мәселесіне қатысты әртүрлі көзқарастарды қамтыды. Бұл қатысушыларға тақырыпты кеңірек контексте қарастыруға және оны сыни тұрғыдан бағалауға мүмкіндік берді.

 

Практикалық бөлімде студенттер арасында ашық пікірталас ұйымдастырылып, гендерлік теңдік мәселесіне қатысты өз ойларын білдіруге мүмкіндік берілді. Қатысушыларға бағыттаушы сұрақтар қойылып, олардың жеке көзқарастары мен түсініктері анықталды. Бұл формат студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамытуға және тақырыпты жан-жақты қарастыруға ықпал етті.

 

 

Сонымен қатар, Қазақстандағы гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары талданып, ұлттық деңгейдегі жетістіктер мен өзекті мәселелер қарастырылды. Іс-шара жоғары белсенділік жағдайында өтіп, студенттердің білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың әлеуметтік және кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етті.