Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 25-топ тыңдаушыларымен мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара оқытушы Тұрдәлі Талғаттың жетекшілігімен өтіп, бірлік пен татулықтың қоғамдағы маңызы кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастардың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыру, қоғамдық келісім мен өзара құрметті дәріптеу, көпұлтты қоғамдағы бірліктің мәнін түсіндіру болды. Тыңдаушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Түрлі көзқарастар арқылы бірлік ұғымының қоғам тұрақтылығы мен дамуы үшін маңызды екені айқындалды.
Кездесу барысында ашық диалог орнап, қатысушылар өз пікірлерін еркін жеткізді. Бірлік пен келісімнің тек мерекелік емес, күнделікті өмірдің маңызды бөлігі екені атап өтілді.
Аталған іс-шара жастардың рухани дамуына ықпал етіп, бірлік пен татулық құндылықтарын нығайтатын маңызды алаң болды.
Басқа жаңалықтар