Қытайтану кафедрасы «Шетел филологиясы» (қытай тілі) мамандығы бойынша XVIII Республикалық олимпиада өткіздіFarabi University

91ý

Қытайтану кафедрасы «Шетел филологиясы» (қытай тілі) мамандығы бойынша XVIII Республикалық олимпиада өткізді

27 сәуір 2026
Қытайтану кафедрасы «Шетел филологиясы» (қытай тілі) мамандығы бойынша XVIII Республикалық олимпиада өткізді

2026 жылғы 24 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «6В02301 – Шетел филологиясы (қытай тілі)» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.

Аталған додаға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан, атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ және Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінен іріктелген 2-4 курс студенттері қатысты.

Олимпиада екі турдан тұрды. Бірінші тур университет ішіндегі іріктеу форматында өтсе, екінші шешуші тур ҚазҰУ базасында ұйымдастырылды. Екінші тур екі кезеңді қамтыды:

  1. Тестілеу: Қатысушылар қытай тілінің грамматикасы мен елітану (аймақтану) саласы бойынша білімдерін сынады.

  2. Презентация: Студенттер берілген тақырыптар аясында өз зерттеулерін қорғап, тілдік шеберліктері мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын көрсетті.

Қорытынды кезеңге жолдама алған 10 үздік студенттің ішінен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 2-курс студенті Манапова Нұрай суырылып шығып, жүлделі І орынды иеленді. Жеңімпаздың ғылыми жетекшісі – кафедра оқытушысы Қойбакова А.С.

Жас қытайтанушы мамандардың бәсекесі жоғары деңгейде өтіп, студенттердің кәсіби біліктілігі мен зияткерлік әлеуетін айқындап берді.

 Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!