- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ-3) аясында: Жақсы денсаулық және әл-ауқат – магистранттардың назарда
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ-3) аясында: Жақсы денсаулық және әл-ауқат – магистранттардың назарда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультетінің Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының 1-курс магистранттары Тұрақты даму мақсаттарының 3-бағыты (ТДМ-3) – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында магистранттар Алматы қаласындағы №4 коррекциялық интернат-мектеп мекемесіне барып, тәрбиеленуші балалармен жүздесті. Басты мақсат: балалардың көңіл-күйін көтеру, оларға қуаныш сыйлау және психологиялық әл-ауқатын нығайту болды.
Кездесу барысында студенттер балалармен түрлі ойындар ойнап, қызықты бағдарламалар ұйымдастырды, сондай-ақ шағын сыйлықтар табыстады. Балалардың жүзіндегі шаттық пен күлкі – іс-шараның нәтижелі өткенінің айқын көрінісі болды.
Тұрақты даму мақсаттарының 3-бағыты (ТДМ-3) тек физикалық денсаулықты ғана емес, сонымен қатар эмоционалдық және психологиялық әл-ауқатты да қамтиды. Осы бағытта ұйымдастырылған бұл шара балалардың рухани жағдайына оң әсер етіп, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етті.
Сонымен қатар, магистранттар үшін бұл бастама әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Жастардың мұндай игі істерге белсенді қатысуы – қоғамдағы адамгершілік құндылықтардың нығаюына негіз болады.
Аталған іс-шара «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» қағидаттарын жүзеге асырудың жарқын үлгісі ретінде ерекше маңызға ие.
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі Маусумбекова С.Д.
Басқа жаңалықтар