Халықаралық жазғы мектебі өтіп жатыр!Farabi University

91ý

Халықаралық жазғы мектебі өтіп жатыр!

29 сәуір 2026
Халықаралық жазғы мектебі өтіп жатыр!

Сурет интернеттен алынды

22 сәуір – 6 мамыр аралығында «Есептеу ғылымдары және статистика» кафедрасы
сақтандыру математикасына қызығушылығы бар қатысушыларды бір алаңға тоғыстырды.

👨‍🏫 Жазғы мектептің оқытушысы – физика-математика ғылымдарының докторы,
қауымдастырылған профессор Сихов М.Б.

🌍 Бағдарламаға отандық және шетелдік университеттердің студенттері, магистранттары, докторанттары, жас оқытушылары мен сала мамандары
белсенді қатысуда.

📚 Қатысушылар:
– актуарлық есептеулерді меңгеріп,
– тәуекелдерді бағалауды үйреніп,
– сақтандыру өнімдерін модельдеуді зерттеп,
– қаржылық тұрақтылықты талдау дағдыларын дамытуда.

🤝 Аталған жазғы мектепке
Ташкент мемлекеттік көлік университетінің оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары да қатысып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуда.

🌱 Жазғы мектеп БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндес:
— ТДМ 4: сапалы білім беру арқылы білікті мамандар даярлау;
— ТДМ 8: лайықты еңбек пен экономикалық өсуді қолдау, кәсіби дамуға үлес қосу;
— ТДМ 17: әріптестік пен ынтымақтастықты нығайту арқылы ортақ жетістіктерге жету.

ЕҒжС кафедрасы