- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экономика кафедрасы «Қазақстан өңірлеріндегі табыс теңсіздігі және халықтың кедейлігі: өлшемдер, құрылымдық детерминаттар және әлеуметтік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
Экономика кафедрасы «Қазақстан өңірлеріндегі табыс теңсіздігі және халықтың кедейлігі: өлшемдер, құрылымдық детерминаттар және әлеуметтік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

2026 жылғы 29 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің Экономика кафедрасы AP23489032 ғылыми жобасы аясында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара «Қазақстан өңірлеріндегі табыс теңсіздігі және халықтың кедейлігі: өлшемдер, құрылымдық детерминанттар және әлеуметтік саясат» тақырыбына арналды және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ), атап айтқанда 1-мақсат «Кедейлікті жою» және 10-мақсат «Теңсіздікті азайту» іске асыру аясында өтті.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - өңірлердегі табыс айырмашылығы мен кедейліктің қазіргі жағдайын талқылап, оларды өлшеудің әдіснамасын жетілдіру, негізгі себептерін анықтау және тиімді әлеуметтік саясаттың бағыттарын ұсыну болды.
Талқылау барысында мына мәселелерге ерекше назар аударылды:
- өңірлердегі табыс теңсіздігі мен кедейліктің қазіргі үрдістері және оларды бағалау тәсілдері;
- білім, адам капиталы, инфрақұрылым және еңбек нарығы сияқты факторлардың ықпалы;
- шағын және орта бизнестің халықтың әл-ауқатына әсері;
- әлеуметтік саясаттың тиімділігі және қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтарды азайту жолдары;
- халықаралық ұйымдар, мемлекет және ғылым арасындағы ынтымақтастық.
Іс-шараға Дүниежүзілік банк өкілі Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша кедейлік пен теңсіздік мәселелері жөніндегі аға экономист Метин Небилер қатысты.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық статистика бюросы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, жетекші ғалымдар мен жас зерттеушілер қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.
Мұндай ашық диалог ғылыми қауымдастық, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, өңірлік әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті төмендетуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар