ҚазҰУ өңірлік мәселелерге ғылыми шешімдер ұсынды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері Алматы облысы әкімдігі жанындағы ылыми кеңес отырысына қатысты. Жиын облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өтті.
Диалогқа еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары, ғылыми-зерттеу институттарының сарапшылары және ірі салалық ұйымдар өкілдері қатысты.

Жиын барысында Алматы облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Инновациялық белсенділікті арттыру және ғылыми әзірлемелерді өңір экономикасына тиімді енгізу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Облыс әкімі М.Сұлтанғазиев бүгінгі күні ғылыми зертханалар мен өндіріс арасындағы алшақтықты қысқартып, өміршең цифрлық және технологиялық өнімдерді қалыптастыру аса маңызды екенін алға тартты.

Басқосуда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры Қуаныш Тастамбек пен Инжиниринг және ғылымды қажетсінетін технологиялар кластерінің директоры Өміржан Тәукебаев оқу орнының өңірлік ғылыми-технологиялық күн тәртібін іске асыруға белсенді қатысуға дайын екенін жеткізді.

ҚазҰУ ғалымдары өңірдің өзекті мәселелерін шешуде ғылыми жобалардың нәтижелерін тиімді пайдалану бойынша ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар әкімдік қаржыландыратын жобалар конкурстарының басым бағыттарына озық технологиялар мен азаматтардың қауіпсіздігі мәселелерін енгізу қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ылыми кеңес мүшелері жас ғалымдарды қолдау және стартап-экожүйені дамыту бағытында бірқатар ұсынымдар қабылдады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі