Кәсіби кеңес: еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар талқыландыFarabi University

91ý

Кәсіби кеңес: еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар талқыланды

30 сәуір 2026
Кәсіби кеңес: еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар талқыланды

2026 жылғы 24 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «Кәсіби кеңес: қандай дағдылар қажет, еңбек нарығында сұраныс деңгейі» атты семинар өтті. Іс-шара факультеттің №447 дәрісханасында ұйымдастырылып, студенттер мен жас зерттеушілердің кәсіби бағдарын айқындауға арналды.

Семинардың негізгі мақсаты – қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді айқындау, болашақ мамандарға қажетті дағдыларды түсіндіру және студенттердің кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру. Қатысушыларға жұмыс берушілер тарапынан қойылатын талаптар, заманауи еңбек нарығындағы трендтер, сондай-ақ халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болудың жолдары кеңінен таныстырылды.

Іс-шара барысында сарапшылар мен оқытушылар студенттерге кәсіби дағдыларды дамыту, тіл меңгеру, сыни ойлау, зерттеу жүргізу және коммуникациялық қабілеттерді жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие салалар мен болашақ мамандықтар туралы пайдалы ақпараттар ұсынылды.

Семинар ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, тәжірибелік кеңестермен бөлісті. Аталған іс-шара студенттердің кәсіби бағдарын нақтылап, олардың еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етті.