Биология және биотехнология факультетінде Кітап күніне орай «Артық білім – кітапта» атты тәрбие сағаты өттіFarabi University

91ý

Биология және биотехнология факультетінде Кітап күніне орай «Артық білім – кітапта» атты тәрбие сағаты өтті

23 сәуір 2026
Биология және биотехнология факультетінде Кітап күніне орай «Артық білім – кітапта» атты тәрбие сағаты өтті

Педагогикалық практика аясында 2026 жылғы 22 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология факультетінде 7М05102 – «Биомедицина» мамандығының магистранттары б.ғ.к., профессор Н.Т. Абылайханованың және аға ғылыми қызметкер А.Е. Есенбекованың   ұйымдастырылуымен Кітап күніне арналған «Артық білім – кітапта» атты тәрбиелік мәні жоғары іс-шара өткізді. Іс-шара білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық дүниетанымды дамытуға бағытталды.

Тәрбие сағаты барысында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 7, 22 және 25-қара сөздері негізінде мазмұнды талдау жүргізіліп, олардың қазіргі қоғамдағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар адам болмысы, ар-ождан, білімге ұмтылу, еңбекқорлық пен парасаттылық сияқты құндылықтар төңірегінде ой бөлісіп, қара сөздердің терең философиялық мәніне назар аударды.

Іс-шара аясында келесі бағыттар қамтылды:

  • Абайдың қара сөздері негізінде рухани-танымдық талдау жүргізу;
  • Білім мен ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы түсіндірме беру;
  • Студенттер арасында пікір алмасу және талқылау ұйымдастыру;
  • Қатысушылардың сыни ойлау және өзіндік пікір қалыптастыру дағдыларын дамыту.

Іс-шараға 7М05102 – «Биомедицина» мамандығының магистранттары мен 6В05108 – «Биомедицина» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Жалпы қатысушылар саны 23 адамды құрады.

Өткізілген тәрбие сағаты студенттердің рухани деңгейін арттырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайтты. Сонымен қатар қатысушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы оянып, білім мен ғылымға деген көзқарасы тереңдей түсті. Іс-шара болашақ мамандардың тұлғалық дамуына, ойлау мәдениетінің қалыптасуына және педагогикалық тәжірибесінің жетілуіне оң әсерін тигізді.