- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ ТЕОРИЯСЫ» КАФЕДРАСЫНЫҢ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ПРОФОРИЕНТАЦИЯЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
«ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ ТЕОРИЯСЫ» КАФЕДРАСЫНЫҢ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ПРОФОРИЕНТАЦИЯЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
2026 жылдың 30 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде, атап айтқанда түркітану және тіл теориясы кафедрасында мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты «Ашық есік күні» іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Шараға Қонаев қаласы білім бөлімінің басшысы М. А. Құрманалиеваның, №2 орта мектеп директоры Р. К. Шайгузованың және №3 орта мектеп директоры М. Т. Абикенованың қатысуы іс-шараның маңыздылығын айқындай түсті.

Жиын барысында талапкерлерге университеттің 1934 жылдан бастау алатын даңқты тарихы мен 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау ережелері туралы мазмұнды ақпарат беріліп, «Түркітану», «Лингвистика» және «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтарының ерекшеліктері мен артықшылықтары жан-жақты таныстырылды. Студенттердің ағылшын тілімен қатар түрік, неміс, француз немесе қытай тілдерін меңгеру мүмкіндігі, сондай-ақ Р. А. Авакова, Г. Б. Мадиева және Е. Баят сынды білікті ғалымдардан дәріс алуы кафедраның басты құндылығы ретінде аталды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қытай, Испания, Түркия және АҚШ елдерінің жетекші университеттерінде білім алу мүмкіндіктері, соның ішінде 14 студенттің Ухань қаласындағы оқу тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды. Кафедра студенттерінің XVI Республикалық пәндік олимпиададағы 1-орыны мен интеллектуалдық байқаулардағы Бас жүлделері білім сапасының жоғары екендігін дәлелдеді. «КазНУград» кампусының заманауи инфрақұрылымы, жайлы жатақханалары мен спорт кешендері оқушыларға таныстырылып, олар студенттік өмірдің шығармашылық атмосферасын сезінді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары мен жауапты тұлғалары:
● Б. У. Джолдасбекова — филология факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор.
● Р. А. Авакова — түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор.
● Ш. Т. Кудьярова — түркітану және тіл теориясы кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
Басқа жаңалықтар