«6B05103 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында XVIIІ Республикалық пәндік олимпиада — ҚазҰУ

91ý

«6B05103 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында XVIIІ Республикалық пәндік олимпиада

27 сәуір 2026
«6B05103 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында XVIIІ Республикалық пәндік олимпиада

2026 жылғы 27 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде «6B05103 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында XVIIІ Республикалық пәндік олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аталған іс-шара ҚазҰУ кітапханасының №409 конференц-залында ұйымдастырылды. Олимпиаданың негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби білімін бағалау, ғылыми әлеуетін дамыту және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Салтанатты ашылу барысында қатысушыларға құттықтау сөз сөйлегендер:

• әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің декан міндетін атқарушы, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Нармуратова Мейрамкуль Худретовна;

• деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, б.ғ.к. Даулетбаева Сания Болатовна;

• деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, б.ғ.к. Датхабаева Гаухар Кубеновна;

• оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары, доцент Басыгараев Жандос Махабатович;

• биотехнология кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Сарсекеева Фариза Кудайбергенқызы.

Олимпиадаға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан 12 университеттен 16 команда қатысып, өз білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетуде:

1.                      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті:

– Bioserpin (қаз)

– RISC (орыс)

– Victory Code (ағылш.)

2.                      Shakarim University:

– Alliance (қаз)

3.                      Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті:

– Биошок (орыс)

4.                      Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:

– Codon (қаз)

– Lab Rats (ағылш.)

5.                      Alikhan Bokeikhan University:

– BioForce (қаз)

6.                      Алматы технологиялық университеті:

– Фортис (орыс)

7.                      С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті:

– Seifullin BioTech (орыс)

8.                      Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті:

– Генезис (орыс)

9.                      Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті:

– Биоразум (орыс)

10.                  Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті:

– BeautyBioLab (орыс)

11.                  М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті:

– Gene Team (орыс)

12.                  Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті:

– Cell Creators (қаз)

– CryoTech (орыс)

Олимпиада студенттердің теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және ғылыми қызығушылықтарын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.