«Академиялық адалдық және тәртіп мәдениеті» семинары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму мақсаттарының 16-бағыты аясында «Академиялық адалдық және тәртіп мәдениеті» тақырыбында кураторлық сағат-семинар өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру, оқу үдерісіндегі жауапкершілікті арттыру және тәртіп мәдениетін дамыту. Семинар барысында академиялық адалдықтың маңызы, плагиаттың алдын алу, әділ бағалау және этикалық нормаларды сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Кураторлық сағат аясында студенттермен ашық пікір алмасу жүргізіліп, олардың ой-пікірлері тыңдалды. Қатысушылар академиялық ортадағы адалдық пен жауапкершіліктің болашақ кәсіби қызметке тікелей әсер ететінін атап өтті.
Аталған іс-шара студенттердің құқықтық және этикалық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ университеттің білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
ЖИ және Big Data кафедрасы