«6В03102 – Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы бойынша ХVIIІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі өтті — ҚазҰУ

91ý

«6В03102 – Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы бойынша ХVIIІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі өтті

28 сәуір 2026
«6В03102 – Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы бойынша ХVIIІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі өтті

 

2026 жылғы 28 сәуірде Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ұлттық бренд қалыптастырудағы мәдени код» тақырыбында «6В03102 – Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы бойынша ХVIIІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі табысты өтті.

Олимпиадаға ЖОО ішіндегі турларының I кезеңінің жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – ұлттық мәдени кодты заманауи контексте зерделеу, оны ұлттық бренд қалыптастыруда қолданудың тиімді жолдарын айқындау, сондай-ақ студенттердің ғылыми-теориялық және практикалық құзыреттерін дамыту.

Олимпиада бағдарламасы төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – «Визитка» форматында командаларды таныстыру, олардың атауы, ұраны және капитанын ұсыну арқылы жүзеге асырылды. Екінші кезеңде қатысушылар «Мәдени символдар маркетингі» бағыты бойынша мәдени кодты цифрландыру және медиареализациялау мәселелеріне арналған кейс-тапсырмаларды орындады. Үшінші кезең – капитандар байқауы – мәдени код пен мәдениет семиотикасына қатысты теориялық білімді бағалауға бағытталды. Төртінші кезеңде «Made in Kazakhstan бренді: ұлттық стильді коммерцияландыру» тақырыбында жобалар ұсынылып, олардың практикалық маңыздылығы сарапталды.

Олимпиада тапсырмалары мәдениеттану, семиотика және маркетинг тоғысындағы пәнаралық тәсілдерге негізделіп, студенттердің аналитикалық және жобалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Әртүрлі өңірлерден келген жоғары оқу орындарының командалары қатысып, ғылыми пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Олимпиаданың әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында тәжірибелі ғалымдардан құралған конкурстық комиссия жұмыс істеді.

Комиссия төрағасы:

– Темиртон Галия – ҚР Орталық мемлекеттік музейі директорының орынбасары, PhD.

Комиссия мүшелері:

– Құрманалиева А.Д. – филос.ғ.д., профессор;

– Исмагамбетова З.Н. – филос.ғ.д., профессор;

– Каупенбаева С.М. – PhD, доцент м.а.;

– Жаркимбаева Д.Б. – филос.ғ.к., ассистент-профессор;

– Өмірбекова Ә.Ө. – филос.ғ.к., доцент-зерттеуші;

– Хасиетова Ж.Ж. – комиссия хатшысы, оқытушы.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

I орын – Павлодар қ., Торайғыров университеті, «Steppe Mind» командасы. Жетекшісі: Мажитова Айнаш Әлібайқызы

II орын – Алматы қ., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Art Code» командасы. Жетекшісі: Аликбаева Маржан Башановна

 II орын – Астана қ., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Мұрагер» командасы. Жетекшісі: Жумаксанова Мира Шагановна

III орын – Астана қ., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Шамшырақ» командасы. Жетекшісі: Кемербай Рауан Амантайұлы

III орын – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Жібек командасы». Жетекшісі: Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы

Олимпиада барысында қатысушылар мәдени кодты талдаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, ұлттық мәдени мұраны цифрлық форматта ұсынудың тиімді модельдерін ұсынды. Ұсынылған жобаларда креативті индустриялар мен мәдени брендтеудің өзекті бағыттары көрініс тауып, олардың практикалық қолдану әлеуеті жоғары деңгейде бағаланды. Бұл тәжірибе студенттердің кәсіби құзыреттерін нығайтып, мәдениеттану саласындағы қолданбалы зерттеулердің маңыздылығын айқындады.

Аталған олимпиада мәдениеттану саласындағы студенттердің ғылыми әлеуетін арттыруға, ұлттық бірегейлік пен мәдени мұраны заманауи форматта қайта пайымдауға ықпал ететін маңызды академиялық алаң ретінде өз маңыздылығын көрсетті.