Вашингтондағы Spring Meetings 2026 аясындағы ғылыми тағылымдама
2026 жылдың 13–18 сәуір аралығында «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Даулиева Ғ.Р. және PhD, доцент-зерттеуші Калиева А.Е. AP23489032 гранттық жобасы аясында Әлемдік банк (WB) тобы және Халықаралық валюта қорының (IMF) ұйымдастырумен Вашингтон қаласында (АҚШ, Колумбия округі) өткен Spring Meetings жұмысына қатысты.
Халықаралық валюта қоры мен Әлемдік банк тобы ұйымдастырған жыл сайынғы және Spring Meetings әлемнің түкпір-түкпірінен орталық банктердің басшыларын, қаржы және даму министрлерін, жеке сектор жетекшілерін, азаматтық қоғам өкілдері мен ғалымдарды бір алаңға жинады. Бұл жиындарда жаһандық экономиканың жай-күйі, экономикалық өсудің перспективалары, қаржылық тұрақтылық және кедейлікті азайту сияқты халықаралық маңызы бар мәселелер талқыланды.
Аталған отырыстар өз сипаты бойынша әлемде теңдесі жоқ әрі экономикалық саясат мәселелерін жан-жақты талқылауға арналған бірегей алаң ретінде кедейлік және теңсіздік, ТДМ зерттеуге тың тәжірибе және мүмкіндік болып табылады.
Басқа жаңалықтар