ҚазҰУ-да өткен ашық есік күніFarabi University

91ý

ҚазҰУ-да өткен ашық есік күні

30 сәуір 2026
ҚазҰУ-да өткен ашық есік күні

2026 жылғы 30 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде «Ашық есік күні» өткізілді. Аталған бұл іс-шараға Алматы қаласынан  №15 гимназия, №145 мектеп-гимназия, №174 мектеп-гимназия, республикалық Абай Ұлттық мектебі мен  №207 мектеп-лицейінің  бітіруші түлектер қатысып, факультеттің мамандықтарымен,  жалпы білім беру стратегиясымен  кең ауқымда  танысты.

Іс-шараның негізгі бағыты - талапты талапкерлерге факультет көлемінде білім берілетін  мамандықтарды таныстыру мен кәсіби бағыт-бағдар беру. Жиынның ашылу салтанатында филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы сөз сөйлеп, филология факультетінің заманауи мамандықтары туралы тілге тиек етті. Өз кезегінде  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы   факультеттің  ғылыми методологиялық  базасына  кеңінен тоқталып, ел болашағы өскелең жастарға  сапалы білім беру арқылы тәуекелшіл,  бәсекеге қабілетті заманауи кәсіби мамандар  дайындаудың маңыздылығы зор екенін ортаға салды.

Сонымен бірге әр кафедра өз бағдарламаларын таныстырып, оқушылар оқу үдерісі мен қызықты студенттік өмір туралы ақпарат алды. Интерактивті ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

Өткізілген «Ашық есік күні» талапкерлерге болашақ мамандығын саналы таңдауға мүмкіндік берді.

 

 

 

Ф.ғ. к., ассистент-профессоры, кафедраның кәсіби бағдар беру

жұмысына жауапты Куркебаев К.К.