«География» білім беру бағдарламасы бойынша сараптамалық сессиясы
2026 жылғы 28 сәуірде «География» білім беру бағдарламасын талқылау және жетілдіруге арналған сараптамалық сессия өтті.
Іс-шара кадрлар даярлау сапасын арттыруға, білім беру бағдарламасының мазмұнын ғылым мен еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес жаңартуға, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы академиялық және кәсіби өзара іс-қимылды дамытуға бағытталды.
Сараптамалық сессия барысында білім беру бағдарламасын іске асырудың негізгі аспектілері қарастырылды, оның ішінде оқу жоспарының құрылымы, пәндердің мазмұны, теориялық және практикалық дайындықтың арақатынасы, сондай-ақ заманауи оқыту әдістерін, цифрлық технологияларды және геоақпараттық жүйелерді енгізу мәселелері талқыланды. Білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, олардың география, табиғатты пайдалану және тұрақты даму саласындағы өзекті сын-қатерлерге сәйкестігіне ерекше назар аударылды.
Талқылау барысында қатысушылар оқытудың тәжірибеге бағдарланған құрамдас бөлігін күшейту, далалық зерттеулерді кеңейту, Жерді қашықтықтан зондтау әдістерін және ГАЖ технологияларын енгізу, сондай-ақ мамандарды даярлауда пәнаралық тәсілді дамыту қажеттілігін атап өтті.
Сарапшылар академиялық ұтқырлықты дамыту, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға жұмыс берушілерді тарту және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту маңыздылығын да атап өтті.
Сараптамалық сессия қорытындысы бойынша «География» білім беру бағдарламасын жаңғыртуға, оның сапасын арттыруға және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Басқа жаңалықтар