ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮН
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Ботаника және агроэкология кафедрасында Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) 4-мақсаты сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес талапкерлерге арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Қазіргі жаһандану жағдайында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – әрбір жасқа сапалы білім алуға тең мүмкіндік беру, олардың кәсіби бағыт-бағдарын дұрыс қалыптастыру және еңбек нарығына бейімдеу болып табылады. Осы тұрғыда өткізілген ашық есік күні талапкерлер мен олардың ата-аналарына жоғары білім беру жүйесі туралы жан-жақты ақпарат ұсынуға бағытталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен таныстыру, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға қолдау көрсету болды. Ашық есік күні талапкерлер үшін тек ақпараттық алаң ғана емес, сонымен қатар олардың болашақ өмір жолын айқындауға ықпал ететін маңызды кезең болып табылады. Мұндай іс-шаралар жастардың өз қабілеттерін дұрыс бағалап, кәсіби бағыттарын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.Ашық есік күні барысында қатысушылар университеттің білім беру мүмкіндіктері, қабылдау талаптары, академиялық бағдарламалары, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы және студенттік өмір ерекшеліктері туралы толық әрі жүйелі ақпарат алды. Бұл интерактивті формат қатысушылардың университет ортасымен жақынырақ танысуына, білім беру үдерісінің мазмұнын тереңірек түсінуіне және оқу орнының академиялық мәдениетін сезінуіне мүмкіндік берді.
Іс-шара аясында «Биология және сабақтас ғылымдар» білім беру бағдарламасы ерекше назарға ұсынылды. Бағдарлама шеңберінде ботаника және агроэкология кафедрасының оқытушысы Ж.С. Тилеубаева талапкерлерге оқу бағдарламасының мазмұны, қабылдау шарттары, білім алу мүмкіндіктері мен болашақ кәсіби бағыттар туралы толық әрі жан-жақты ақпарат берді. Білім беру бағдарламасының құрылымы, пәндердің мазмұны, тәжірибелік және зертханалық сабақтардың ерекшеліктері түсіндіріліп, талапкерлердің кәсіби таңдау жасауына бағыт-бағдар көрсетілді. Сонымен қатар талапкерлерге ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, студент болғанда ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктері және өндірістік тәжірибеден өту ерекшеліктері туралы да мәлімет ұсынды. Бұл өз кезегінде болашақ студенттердің зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, ғылыми ойлауын қалыптастыруға және кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді. ылыми-зерттеу қызметіне ерте кезеңнен тарту болашақ мамандардың ғылыми әлеуетін арттырып, олардың инновациялық ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Ашық есік күні барысында талапкерлерге екі жақты диплом (dual degree) алу мүмкіндіктері және шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесіп жүргізілетін ғылыми зерттеулер туралы кеңінен ақпарат берілді.
Халықаралық серіктес университеттермен жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық және алмасу бағдарламалары таныстырылып, студенттердің шетелдік университеттерде білім алу және тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Бұл бағыттағы мүмкіндіктер студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, халықаралық тәжірибе жинақтауына және жаһандық білім беру кеңістігіне интеграциялануына ықпал етеді. Аталған бастамалар Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсаты әріптестік арқылы даму қағидаттарына толық сәйкес келеді. Халықаралық ынтымақтастық білім беру сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулерді дамытуға және білім алушылардың әлемдік деңгейдегі білім мен тәжірибеге қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ашық есік күні аясында студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу мүмкіндіктері, халықаралық конференциялар мен жобаларға қатысу жолдары таныстырылды. Бұл өз кезегінде жас ғалымдардың қалыптасуына, олардың ғылыми әлеуетін дамытуға және инновациялық ойлау қабілетін жетілдіруге ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 9-мақсаты – индустрия, инновация және инфрақұрылымды дамыту бағытымен де сабақтас. Ашық есік күні тек білім беру мүмкіндіктерін таныстырумен шектелмей, талапкерлердің әлеуметтік және психологиялық бейімделуіне де ықпал етті. Университет ортасымен танысу, студенттік өмір туралы ақпарат алу және оқу процесінің ерекшеліктерін түсіну талапкерлердің жоғары оқу орнына дайындалуына көмектесті. Бұл олардың болашақта оқу үдерісіне белсенді қатысуына және академиялық ортаға тез бейімделуіне негіз қалайды. Мұндай іс-шаралар білім беру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғам мен білім беру мекемелері арасындағы байланысты нығайтады. Сонымен қатар, олар жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етіп, олардың жеке тұлғалық және кәсіби дамуына негіз қалайды.
Ботаника және агроэкология кафедрасы
Басқа жаңалықтар