«Ықтималдықтар теориясының заманауи қолданыстары» Халықаралық жазғы мектебі өтіп жатыр!Farabi University

91ý

«Ықтималдықтар теориясының заманауи қолданыстары» Халықаралық жазғы мектебі өтіп жатыр!

2 мамыр 2026
«Ықтималдықтар теориясының заманауи қолданыстары» Халықаралық жазғы мектебі өтіп жатыр!

29 сәуір – 12 мамыр аралығында
«Есептеу ғылымдары және статистика» кафедрасы
ықтималдықтар теориясының заманауи қолданылуына қызығушылығы бар
қатысушыларды бір алаңға біріктірді.

👩‍🏫 Жазғы мектептің оқытушысы –
PhD, аға оқытушы Сулейменова З.И.

🌍 Бағдарламаға отандық және шетелдік
университеттердің студенттері, магистранттары,
докторанттары, жас оқытушылары, сала мамандары
және мектеп мұғалімдері белсенді қатысуда.

📚 Қатысушылар:
– ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарын меңгеріп,
– кездейсоқ шамалар мен олардың үлестірімдерін талдап,
– математикалық күтім мен дисперсияны түсініп,
– биномиалдық, Пуассон және нормаль үлестірімдермен жұмыс істеуді үйренуде.

💡 Сонымен қатар,
ықтималдық модельдерді құру және оларды
нақты өмірдегі қолданбалы есептерде тиімді пайдалану дағдылары дамытылуда.

🎯 Теориялық білімдер тәжірибелік тапсырмалар арқылы бекітіліп,
қатысушылардың аналитикалық ойлау қабілеті жетілдірілуде.

🌱 Жазғы мектеп БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндес:
— ТДМ 4: сапалы білім беру және білікті мамандар даярлау;
— ТДМ 8: кәсіби даму мен экономикалық өсуді қолдау;
— ТДМ 17: халықаралық әріптестік пен ынтымақтастықты нығайту.

ЕҒжС кафедрасы