2026 жылдың 28–30 сәуір күндері Ташкент қаласында өткен «Будущие инженеры ШОС» халықаралық фестивалінде Қазақстан намысын қорғаған команда жоғары нәтиже көрсетті!
🌍 8 елден жиналған 22 стартап жобаның ішінен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті, механика кафедрасының «Робототехникалық жүйелер» БББ-ның Нәлібек Рамазан бастаған команда І ОРЫН иеленді!
Бұл жеңіс – тек студенттердің ғана емес, еліміздің жас инженерлері мен жаңашыл жастарының үлкен жетістігі. Байқау барысында қатысушылар өздерінің инновациялық идеяларын ұсынып, технология, агроөнеркәсіп, цифрландыру және «жасыл» энергетика салаларындағы тың шешімдерін көрсетті.
🚀 Жоба:
✔️ Заманауи технологияларға негізделген
✔️ Практикалық қолданысқа дайын
✔️ Болашаққа бағытталған инновациялық шешім
👏 Осындай халықаралық деңгейдегі бәсекеде топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатқан студенттерімізге, сондай-ақ студенттерді дайындап, жарысқа алып барған жауапты тұлға — механика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ахметова Балжан Ибрагимқызына үлкен алғыс!
🌱 Жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ЦУР) сәйкес келеді:
✔️ Сапалы білім (4-мақсат)
✔️ Индустрия, инновация және инфрақұрылым (9-мақсат)
✔️ Тұрақты қалалар мен қоғамдастықтар (11-мақсат)
✔️ Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл (13-мақсат)



Автор: PhD Ахметова Б.И.
Басқа жаңалықтар