ҚазҰУ-да ТДМ 6 аясында «Ежелгі қоныстардағы су арналары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ-да ТДМ 6 аясында «Ежелгі қоныстардағы су арналары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

26 ақпан 2026
ҚазҰУ-да ТДМ 6 аясында «Ежелгі қоныстардағы су арналары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 26 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде «Ежелгі қоныстардағы су арналары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: ежелгі қоныстардағы су жүйелерінің құрылымы мен қызметін зерттеу арқылы тарихи тәжірибені зерделеу, оны қазіргі су ресурстарын тиімді басқару мәселелерімен байланыстыру. Сонымен қатар, су арналарының археологиялық және тарихи маңызын ашу, студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми қызығушылығын арттыру көзделді.

Ісшара барысында қатысушылар ежелгі дәуірдегі су арналарының салыну ерекшеліктері, олардың шаруашылықтағы және тұрмыстағы рөлі туралы баяндамалар жасады. Археологиялық деректер негізінде су жүйелерінің құрылыс технологиялары мен экологиялық маңызы талқыланды. Сондай-ақ, тарихи су пайдалану тәжірибесін қазіргі су тапшылығы мәселелерімен байланыстыру жолдары қарастырылды. Пікір алмасу нәтижесінде қатысушылар су ресурстарын ұтымды пайдалану бағытында ғылыми ұсыныстарын білдірді.