- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында «Сарыарқаның тас мүсіндері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
ҚазҰУ-да ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында «Сарыарқаның тас мүсіндері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
2026 жылғы 02 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде «Сарыарқаның тас мүсіндері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Сарыарқа өңіріндегі тас мүсіндердің тарихи-мәдени маңызын зерттеу, олардың шығу тегі мен ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда талдау, сондай-ақ бұл мұраларды білім беру үдерісінде пайдалану арқылы студенттердің тарихи санасы мен зерттеушілік қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар Сарыарқадағы тас мүсіндердің таралу аймақтары, олардың жасалу технологиясы мен символикалық мәні туралы баяндамалар жасады. Археологиялық және тарихи деректер негізінде тас мүсіндердің ежелгі қоғамдағы орны мен рөлі талқыланды. Сонымен қатар, бұл ескерткіштерді сақтау, зерттеу және насихаттау мәселелері қарастырылып, білім беру саласында қолдану жолдары ұсынылды. Пікір алмасу нәтижесінде қатысушылар мәдени мұраны сақтау мен зерттеуді дамытуға бағытталған ұсыныстарын білдірді.
Басқа жаңалықтар