- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Алаяқты қалай тануға болады және оның құрбаны болмау жолдары» тақырыбындағы ақпараттық-ағартушылық акция
«Алаяқты қалай тануға болады және оның құрбаны болмау жолдары» тақырыбындағы ақпараттық-ағартушылық акция
Алматы қаласының Жетісу ауданында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық акция өткізілді.
Іс-шара аясында Дарханова С.Д. оқытушысы мен заң факультетінің 114 тобы студенттерінің қатысуымен «Алаяқтар» фильмі көрсетілді. Іс-шара академиялық қауымдастық өкілдерін, студенттерді, прокуратура қызметкерлерін және қала тұрғындарын ашық диалог алаңында біріктірді.
Жетісу ауданы әкімдігінің, «Maxima» СОСО және Kinoplexx 5 Maxima кинотеатрының қолдауымен акция кең қоғамдық резонансқа ие болды.
Киносеанс алдында көрермендерге алаяқтықтың кең таралған түрлері мен одан қорғану жолдары туралы арнайы бейнеролик ұсынылды. Сонымен қатар қатысушыларға жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсыныстар қамтылған ақпараттық буклеттер таратылды.
Іс-шара барысында жүргізілген сауалнама алаяқтық мәселесінің өзектілігін және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігін көрсетті.
Іс-шара азаматтардың құқықтық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, сыни ойлауды дамытуға және құқықтық институттарға деген сенімді арттыруға ықпал етті, бұл ТДМ 16 мақсаттарына толық сәйкес келеді.
Басқа жаңалықтар