«Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сенбілік — ҚазҰУ

91ý

«Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сенбілік

4 сәуір 2026
«Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сенбілік

«Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында Алматы қаласының Түрксіб ауданында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға кафедра оқытушысы Дарханова С.Д. және заң факультетінің 105 және 114 топ студенттері қатысты.

Сенбілік аясында қатысушылар белгіленген аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалап, аумақты абаттандыру жұмыстарына атсалысты.

 

Бұл іс-шара студенттердің қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға, экологиялық санасын дамытуға және тұрақты даму құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етті.

 

Сонымен қатар, бұл бастама жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және қоғамдық жұмыстарға қатысу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді.