RES2026 саммитіне қатысу арқылы халықаралық ынтымақтастықFarabi University

91ý

RES2026 саммитіне қатысу арқылы халықаралық ынтымақтастық

24 сәуір 2026
RES2026 саммитіне қатысу арқылы халықаралық ынтымақтастық

Кафедра меңгерушісі К.Р. Усейнова мен оқытушы С.Д. Дарханованың басшылығымен заң факультетінің студенті Тәжібай Абылайхан RES2026 халықаралық экологиялық саммитіне қатысты.


Іс-шара барысында Нидерланды Корольдігінің дипломатиялық миссиясының өкілімен ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Диалогта халықаралық жастар бастамаларын дамыту және серіктестіктерді кеңейту мәселелері қозғалды.


Алынған қолдау халықаралық деңгейге жетуге, жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға және жастардың жаһандық тұрақты даму күн тәртібіне белсенді қатысуына маңызды қадам болды.
Саммитке халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты болашақты құруға үлес қосқан әртүрлі елдердің өкілдері қатысты.