«Қазақстанның цифрлық экожүйелері: үстемдікке жету жолы ма, әлде әртараптандыру ма?» форумыFarabi University

91ý

«Қазақстанның цифрлық экожүйелері: үстемдікке жету жолы ма, әлде әртараптандыру ма?» форумы

18 сәуір 2026
«Қазақстанның цифрлық экожүйелері: үстемдікке жету жолы ма, әлде әртараптандыру ма?» форумы

Заң факультетінің 1 курс студенті Тәжібай Абылайхан кафедра меңгерушісі Усеинова Қ.Р. және оқытушы Дарханова С.Д.-мен бірге «Қазақстанның цифрлық экожүйелері: үстемдікке жету жолы ма, әлде әртараптандыру ма?» тақырыбындағы форумға қатысты.

 

Іс-шара Kursiv компаниясының ұйымдастыруымен өткізіліп, мемлекеттік органдардың өкілдерін, бизнес қауымдастығын және жетекші цифрлық компанияларды біріктірді.

 

Форумда Yandex, Ozon және Freedom Holding Corp. сияқты ірі компаниялардың басшылары спикер ретінде сөз сөйледі.

Талқылау барысында цифрлық экожүйелердің дамуы, суперқосымшалардың енгізілуі, цифрлық трансформацияның негізгі сын-қатерлері және Қазақстандағы цифрлық экономиканың болашағы қарастырылды.

 

Студенттердің қатысуы олардың заманауи білім алуына, цифрландыру үдерістерін түсінуіне және құқықтың жаңа технологиялық ортадағы рөлін ұғынуына мүмкіндік берді.

 

Іс-шара студенттердің кәсіби ойлауын дамытуға, талдау дағдыларын жетілдіруге және кәсіби бағдарын анықтауға ықпал етті.