Стамбул университетіндегі халықаралық ғылыми тағылымдама — ҚазҰУ

91ý

Стамбул университетіндегі халықаралық ғылыми тағылымдама

20 сәуір 2026
Стамбул университетіндегі халықаралық ғылыми тағылымдама

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Тарих факультетінің докторанты Мұхтар Амантайұлы Ходжабай Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Стамбул университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама барысында шетелдік кеңесші, профессор Муалла Уйду Юджелдің жетекшілігімен диссертациялық зерттеудің тақырыбы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Стамбул университетінің кітапхана қоры мен мұрағаттық деректері зерделеніп, заманауи құжаттама мен цифрландыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу іс-шараларына қатысуға мүмкіндік туды. Бұл сапар жас ғалымның кәсіби біліктілігін арттырып, екі ел арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға септігін тигізді.