- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тарихи таным және тәжірибе: Болашақ тарихшылардың музейлік білім беру ортасындағы кәсіби дамуы
Тарихи таным және тәжірибе: Болашақ тарихшылардың музейлік білім беру ортасындағы кәсіби дамуы
Тұрақты даму мақсаты №4: Сапалы білім беру
2026 жылғы 10 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінде «6B01601 – ылыми тарих» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері үшін ерекше оқу-танымдық іс-шара өтті. Педагогикалық практика аясында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейіне экскурсия түрінде жүзеге асырылды.
Іс-шараның мақсаты мен өзектілігі
Бұл бастаманың негізгі мақсаты — сапалы білім беру (quality education) стандарттарына сай, студенттердің аудиторияда алған теориялық білімдерін практикалық жәдігерлермен ұштастыру. Музейлік экспозициялар арқылы студенттердің оқу үдерісін (learning to read) тереңдету, тарихи артефактілерді талдау дағдыларын қалыптастыру және кәсіби біліктіліктерін арттыру көзделді.
Инновациялық оқыту және тәжірибе
Экскурсия барысында студенттер белсенді оқу ортасы (active learning environment) жағдайында жұмыс істеді. «Палеонтология және археология», «Тарихи этнография» және жаңадан ашылған «Алтын Орда» залдарындағы жәдігерлермен танысу болашақ мамандардың тарихи үдерістерді шынайы қабылдауына мүмкіндік берді. Бұл интерактивті оқыту ортасын (interactive learning environment) құрудың жарқын үлгісі болды.
Тәрбиелік маңызы
«Тәуелсіз Қазақстан» залындағы экспозициялар студенттердің бойында азаматтық білім беру (citizenship education) құндылықтарын нығайтып, отансүйгіштік сезімін арттырды. Педагогикалық практикадан өтуші магистрант Ж.И. Асаубаеваның ұйымдастыруымен өткен бұл шара оқытудың тиімділігін (teaching effectiveness) және университеттегі білім беру сапасының жоғары деңгейін көрсетті.