- Басты бет
- Жаңалықтар
- Оқушылар ғылым әлемімен танысты: дәріс және ғылыми зертханаларға экскурсия өтті
Оқушылар ғылым әлемімен танысты: дәріс және ғылыми зертханаларға экскурсия өтті
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінде 125 High school жоғары сынып оқушыларына арналған «ылым мен техника жетістіктері» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қазіргі ғылым мен техниканың өзекті бағыттарын таныстыру, олардың жаратылыстану-ғылыми пәндерге қызығушылығын арттыру және болашақ мамандық таңдауда ғылыми көзқарас қалыптастыру.
Кездесу барысында университет оқытушылары ғылым мен техниканың заманауи жетістіктері, физика ғылымының қолданбалы бағыттары, инженерлік технологиялар мен ғылыми зерттеулердің қоғам дамуындағы рөлі туралы дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушыларға плазма физикасы, нанотехнология, киберфизика, электр энергетикасы және электр инженериясы салаларының негізгі ғылыми және практикалық маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушылар физика-техникалық факультеттің ғылыми-зерттеу зертханаларына экскурсия жасады. Атап айтқанда, олар Samsung, Плазмалық технологиялар, Нанотехнология, Электр және магнетизм, Атомдық физика зертханаларының жұмысымен танысты. Экскурсия барысында зертханалық қондырғылар, өлшеу құралдары, тәжірибелік зерттеу әдістері және ғылыми жобалардың негізгі бағыттары көрсетілді. Оқушылармен кездесуді ұйымдастырған оқытушылар Амренова А.У., Игибаев Ж., сондай-ақ мектеп мұғалімдері Абжалилұлы Тұрар мен Бекзатова Дана Өмірзаққызына алғысымызды білдіреміз.
Мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларының ғылыми дүниетанымын кеңейтіп, физика, инженерия, нанотехнология және заманауи технологиялар салаларына қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Аталған кездесу университет пен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға, болашақ талапкерлерге білім беру бағдарламалары мен ғылыми инфрақұрылымды таныстыруға және ТДМ 4 мақсатына бағытталды.