- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері – фармацевтикалық өндіріс технологиясы бойынша XII Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері – фармацевтикалық өндіріс технологиясы бойынша XII Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері
«6В07201 - Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ студенттері жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсетіп, 2026 жылғы 23–24 сәуір аралығында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ базасында өткен XII Республикалық олимпиадада университет намысын лайықты қорғады.
Олимпиадаға қатысу білім алушыларға фармацевтикалық өндіріс саласындағы кәсіби міндеттерді шешуде терең теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын және құзыреттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Байқау бағдарламасы болашақ сала мамандарының даярлық деңгейін бағалауға бағытталған теориялық және тәжірибеге бағдарланған тапсырмаларды орындауды қамтыды.
Олимпиада қорытындысы бойынша университет студенттері келесі маңызды нәтижелерге қол жеткізді:
· жеке есепте 1-орынды «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Погоров Федор Павлович және Турысбекова Жания Жанибековна иеленді;
· командалық есепте 2-орын «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінен құралған «Substance» командасына берілді (ғылыми жетекшісі – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Литвиненко Ю.А.);
· командалық есепте 3-орынды «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерінен құралған «Pharmavision» командасы иеленді (ғылыми жетекшісі – химия ғылымдарының кандидаты, доцент Тоқтабаева А.К.).
Қол жеткізілген нәтижелер студенттердің жоғары дайындық деңгейін, олардың республикалық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді, сондай-ақ іске асырылып жатқан білім беру бағдарламасының тиімділігін дәлелдейді. Білім алушыларды даярлауда химия және химиялық технология факультетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының жүйелі әрі мақсатты жұмысы маңызды рөл атқарды. Бұл жұмыс кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға, аналитикалық ойлауды дамытуға және практикалық дағдыларды жетілдіруге бағытталған.
Осындай деңгейдегі олимпиадаларға қатысу мамандарды даярлау сапасын арттыруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.







Басқа жаңалықтар