Американдық тарихшының Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасына сыйға тартуыFarabi University

91ý

Американдық тарихшының Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасына сыйға тартуы

4 мамыр 2026
Американдық тарихшының Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасына сыйға тартуы

2026 жылғы 6 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының «Орталық Еуразия тарихы мен мәдениеті» ғылыми орталығы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ылыми кітапханасының қорына тапсырылған белгілі американдық тарихшы Сеймур Беккердің [Seymour Becker] (1934–2020) кітаптар коллекциясының таныстырылымына арналған брифинг өткізеді.

Сеймур Беккер — Орталық Азия, Ресей империясы және Кеңес Одағының әлеуметтік тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым. Оның еңбектері әлемдік тарих ғылымында кеңінен танымал.Тапсырылған коллекцияға ғалымның жеке кітапханасынан алынған дүниежүзі тарихы, тарихнама, деректану және тарих методологиясы бойынша еңбектер кіреді. Бұл жинақ империялар тарихы, Орталық Азия және кеңестік кезеңді зерттейтін оқытушылар, зерттеушілер, магистранттар мен докторанттар үшін үлкен ғылыми маңызға ие.

«Бұл кітаптар жинағы тек құнды ғылыми қор ғана емес, сонымен қатар әртүрлі ғылыми дәстүрлер арасындағы академиялық ынтымақтастықтың маңызды көпірі болып табылады. Ол Орталық Азия тарихы мен империялық трансформацияларды тереңірек зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашады», — деп атап өтті тарих факультетінің деканы, профессор Досбол Сүлейменұлы Байгунаков.

Брифингке Amherst College (АҚШ) тарих профессоры Александр Семёнов, профессор С. Беккердің ұлы Джеффри мен қызы Сьюзан, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ылыми кітапханасының оқытушылары, студенттері және қызметкерлері қатысады.

Өткізу уақыты: 2026 ж. 6 мамыр, 10:00 (АҚШ уақыты), 19:00 (Алматы уақыты)
Өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ылыми кітапханасы

Zoom сілтемесіне қосылыңыз: https://us06web.zoom.us/j/82839364703?pwd=cg0SiArtBtTM0laIVox7YOmVLK4UmT.1

Конференция идентификаторы: 828 3936 4703

Кіру коды: 229136
Байланыс тұлғасы: Гүлмира Сұлтанғалиева
Тел.: +7 701 425 1750
Email: sultangalievagulmira@gmail.com