ТДМ №4, 10 : «Әрбір адам маңызды» тақырыбында мотивациялық семинар-тренинг өттіFarabi University

91ý

ТДМ №4, 10 : «Әрбір адам маңызды» тақырыбында мотивациялық семинар-тренинг өтті

28 сәуір 2026
ТДМ №4, 10 : «Әрбір адам маңызды» тақырыбында мотивациялық семинар-тренинг өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Психологиялық қолдау қызметі және «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы ТДМ-4, 10 «Сапалы білім беру» аясында ҚазҰУ студенттеріне арналған «Әрбір адам маңызды» атты мотивациялық семинар-тренинг ұйымдастырды. 

Семинарды паравелоспорттан спорт шеберлігіне кандидат және пара садақ атудан спорт шебері Жазира Мулкибекова өткізді. Бұл студенттерге өмірлік кеңес беріліп, жақсы әрі шабыттандыратын ойлар айтылған мотивациялық кездесу болды.

Іс-шара барысында спикер өзінің жеке өмір жолымен бөлісіп, жетістікке жету барысында кездескен қиындықтар туралы айтып берді және өмірлік сынақтар алдында берілмеудің маңыздылығын атап өтті. Ерекше назар рухтың мықтылығы, өзіне деген сенімділік және кез келген жағдайда өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылу мәселелеріне аударылды.

Семинар қатысушылары белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп, жеке даму мен мақсаттарға жету бойынша құнды кеңестер алды. Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, студенттерге жағымды әсер мен алдағы дамуға шабыт сыйлады.

Мұндай іс-шаралар толерантты қоғам қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, инклюзивті ойлауды дамытуға және жастар арасында өзара құрмет пен қолдау құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.