ҚазҰУ-да ««Қош келдің, Әз-Наурыз!»» тақырыбында іс-шара өтті
Тұрақты даму мақсаттарына (ЦУР-3) сәйкес, 2026 жылдың 21 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының 7М01504 – «Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Дүйсенбек Ұ.К. кафедраның аға оқытушысы А.Н.Қожахметованың және кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, доцент Ж.М.Басыгараев жетекшілігімен 6В05102 - Биология білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасын насихаттау, сондай-ақ студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында келесі тәрбиелік жұмыстар жүзеге асырылды. 3-курс студенттерінің академиялық тобында «Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты — студенттерге Наурыз мерекесінің тарихи маңызын түсіндіру, ұлттық дәстүрлерге құрмет сезімін қалыптастыру, бірлік пен татулыққа тәрбиелеу болды.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге Наурыз мейрамының шығу тарихы, оның табиғатпен байланысы, көктемнің келуімен жаңару мен жаңғыруды білдіретін ерекшеліктері туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар ұлттық тағамдар, соның ішінде Наурыз көженің маңызы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындары туралы кеңінен айтылды.
Іс-шара барысында қазақтың ұлттық күйлері орындалып, студенттер күй өнерімен танысты. Сонымен қатар «асық ату» ұлттық ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытып, ұлттық ойын арқылы ептілік пен дәлдік дағдыларын көрсетті. Студенттер дәстүрлі әндер орындап, сахналық көріністер қойып, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.
Сонымен қатар топ ішінде өзара сыйластық, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Қорытындылай келе, бұл тәрбие сағаты студенттердің ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани құндылықтарын байытуға, сондай-ақ салауатты және үйлесімді қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Іс-шараға қатысушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының 6В05102 - Биология білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері.
Оқытушылар: кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, доценті Ж.М.Басыгараев.
Өткізілген тәрбиелік сағаттың нәтижесінде студенттер Наурыз мейрамының мәні мен мазмұны, ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері және олардың тәрбиелік маңызы туралы терең түсінік алды. Сонымен қатар студенттер дайындаған сахналық көрініс қойылып, ұлттық мәдениет элементтері кеңінен көрсетілді.
Іс-шара барысында күй орындалып, «асық ату» ұлттық ойыны ұйымдастырылды. Бұл студенттердің ұлттық өнер мен ойындарға деген қызығушылығын арттырып, олардың белсенділігін күшейтті.
Қорытындысында білім алушылар ұлттық құндылықтарды құрметтеу, оларды сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу қажеттілігін түсінді. Студенттер өзара сыйластықты, бірлікті және ұлттық мәдениетті дәріптеудің маңыздылығын ұғынды.

Жалпы алғанда, өткізілген іс-шара тәрбиелік тұрғыдан оң әсерін тигізді: студенттерде ұлттық құндылықтарды құрметтеу, салт-дәстүрлерді сақтау және насихаттау туралы түсінік қалыптасты, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы артты. Тәрбие сағаты студенттік ұжымда белсенділік пен жағымды атмосфераның қалыптасуына, сондай-ақ рухани-адамгершілік мәдениеттің дамуына ықпал етті.