География, жерге орналастыру және кадастр кафедасында алдын ала қорғау өтті.Farabi University

91ý

География, жерге орналастыру және кадастр кафедасында алдын ала қорғау өтті.

5 мамыр 2026
География, жерге орналастыру және кадастр кафедасында алдын ала қорғау өтті.

05.05.2026 жылы География, жерге орналастыру және кадастр кафедасының кеңейтілген отырысында 8D01503 – География білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Аубакирова Гаухар Болатовнаның «Қазақстан мектептерінде географиялық олимпиадаларға дайындалу үшін жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы алдын ала қорғаудан өтті.
ылыми кеңесшілері:
– PhD, ассистент-профессор Калимурзина А.М. (отандық ғылыми кеңесші);
– PhD, профессор Hilmi Demirkaya (Анталья қ., Түркия) (шетелдік ғылыми кеңесші).
 
Алдын ала қорғау барысында диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы талқыланып, ғылыми кеңес мүшелері тарапынан тиісті сұрақтар қойылып, ұсыныстар берілді.
Талқылау нәтижесінде Аубакирова Гаухар Болатовнаның диссертациялық жұмысы талаптарға сәйкес деп танылып, келесі кезең диссертацияны қорытынды қорғауға жіберу туралы шешім қабылданды. Отырысқа кафедра профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ сала мамандары қатысты.

Алдағы қорытынды қорғауда сәттілік тілейміз! ылыми жолыңыз жемісті болып, үлкен жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспіз!