- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ студенттері қолданбалы механика бойынша халықаралық олимпиада жүлдегерлері атанды
ҚазҰУ студенттері қолданбалы механика бойынша халықаралық олимпиада жүлдегерлері атанды
Алматы, 2026 жыл — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің студенттері қолданбалы механика бойынша халықаралық қатысуы бар Бүкілресейлік студенттік олимпиадада жүлделі орындарға ие болды.
Санкт-Петербург политехникалық университетінде өткен олимпиадаға Ресей мен ТМД елдерінен 19 жоғары оқу орнынан 23 команда қатысты. Қатысушылар теориялық механика және материалдар кедергісі бойынша білімдерін көрсетіп, сондай-ақ инженерлік чемпионат аясында көпір моделін жобалау және оның жүк көтергіштік қабілетін сынау бойынша тапсырмаларды орындады.
Жарыс қорытындысы бойынша ҚазҰУ-дың бірінші командасы құрамында Сұлтанмұрат Акерке, Жұмағали Нұртас, Найманов Райымбек, Абай Алтынбек II орынды иеленді. Ал екінші команда құрамындағы Есен Елжас, Құдайбергенова Алтынай, Махмұт Рүстем, Сайлаубаев Бауыржан III орынға ие болды.
Командалардың ғылыми жетекшісі — Сағитжанов Бірлік Майронұлы, механика-математика факультетінің аға оқытушысы.
Сонымен қатар, ҚазҰУ командасы инженерлік чемпионатта жүлделі дипломмен марапатталды. Олимпиада қорытындысы бойынша студенттер дипломдарға ие болып, университет ректорына алғыс хат табысталды.
Бұл жетістік БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді: ЦУР 4 – Сапалы білім беру, ЦУР 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым, ЦУР 17 – Әріптестік.
Сонымен қатар, нәтиже Қазақстан Республикасының 2024–2028 жылдарға арналған машина жасау саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарының басым бағыттарымен толық үйлеседі.







Механика кафедрасының меңгерушісі
Ф.-м.ғ.к., ассистент-профессор Туралина Динара Елеусизовна