ГК кубогы – 2026: Картография және геоинформатика кафедрасында дәстүрлі футбол турнирі өтті — ҚазҰУ

91ý

ГК кубогы – 2026: Картография және геоинформатика кафедрасында дәстүрлі футбол турнирі өтті

4 мамыр 2026
ГК кубогы – 2026: Картография және геоинформатика кафедрасында дәстүрлі футбол турнирі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «ГК кубогы – 2026» футбол турнирі жоғары деңгейде өткізілді. Аталған спорттық шара жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып, студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып келе жатқан маңызды жарыстардың біріне айналған.

Турнирдің негізгі мақсаты – студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың бірлік, ұйымшылдық және командалық рухын нығайту, сондай-ақ біліммен қатар спорттық белсенділікті дамыту болып табылады. Бұл шара студенттердің жан-жақты дамыған тұлға екенін, олардың тек оқу үдерісінде ғана емес, спорттық сайыстарда да жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын айқын көрсетті.

Жарыс барысында командалар жоғары дайындықтарын, өзара үйлесімді ойындарын және жеңіске деген табандылықтарын паш етті. Әрбір ойын көрермендерге ерекше әсер қалдырып, нағыз спорттық рух пен бәсекелестік атмосферасын қалыптастырды.

Турнир қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:

1 орын – Геодезия және картография мамандығының 2-курс студенттері

2 орын – Геодезия және картография мамандығының 3-курс студенттері

3 орын – Геодезия және картография мамандығының 1-курс студенттері

Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды:

Үздік қақпашы – Батырланұлы Рамазан

Үздік ойыншы – Демеген Бекзат

Үздік қорғаушы – Аликулов Ерасыл

Үздік шабуылшы – Куразов Алибек

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кафедра тарапынан ақшалай сыйақы сертификаттары табысталып, олардың жетістіктері лайықты түрде бағаланды.

Аталған турнир студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, университет қабырғасындағы достық пен өзара сыйластықтың нығаюына да зор ықпал етті. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынына сенім мол.