Студенттер республикалық пәндік олимпиадада бас жүлдені иеленді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының студенттері XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысып, командалық сайыста І орынды иеленді.
Аталған олимпиада 2026 жылғы 29 сәуірде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің базасында өтті. Олимпиадаға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, қонақжайлылық индустриясы саласындағы білімдері мен кәсіби дағдыларын сынға салды.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрып, қатысушылар жобалық жұмыстарын қорғап, кәсіби және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Бұл жетістік студенттердің жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық әлеуетін және командалық жұмыстағы үйлесімділігін айқын дәлелдейді.
Басқа жаңалықтар