- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен доцент Көбегенова Саидина Серікбайқызы марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен доцент Көбегенова Саидина Серікбайқызы марапатталды.
06.05.2026 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті, зоология, гистология және цитология кафедрасының доценті Кобегенова Саидина Серікбаевна «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Марапатты кафедра мәжілісі барысында факультет деканы М.Х. Нармуратова табыстады. Саидина Серікбаевна кафедрада ұзақ жылдар бойы табысты еңбек етіп, білім алушыларға зоология бағыты бойынша сапалы білім беріп келеді. Сонымен қатар, жас мамандарды заманауи талаптарға сай даярлауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға және еліміздегі экологиялық мәселелердің алдын алу бағытында сараптамалық қызмет жүргізуге елеулі үлес қосып келеді.
Әріптесіміз Саидина Серікбаевнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық амандық, ғылыми-педагогикалық қызметіне толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!