1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
2026 жылдың 29 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 204-топ студенттері эдвайзер Қонысбай Бақытгүлдің жетекшілігімен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні тақырыбы қарастырылды. Студенттер мерекенің тарихи маңызы, қоғамдағы этносаралық татулық пен келісімнің рөлі және Қазақстандағы көпұлтты қоғамның бірлігі туралы талдамалық жұмыс жүргізді. Сабақ барысында қатысушылар бірліктің ел тұрақтылығы мен дамуының негізгі факторы екендігін атап өтіп, тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды.
Сабақ барысында студенттер Қазақстандағы этносаралық қатынастардың даму тарихына тоқталып, әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлерінің өзара ықпалдасуын талқылады. Олар бірлік пен келісім ұғымдарының тек саяси ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және рухани маңызға ие екенін атап өтті. Топ ішінде пікір алмасу жүргізіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөлі туралы да ойлар ортаға салынды.
Сонымен қатар, ашық сабақта қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, көпмәдениетті қоғамда бейбіт өмір сүрудің маңызы қарастырылды. Студенттер 1 мамыр мерекесінің жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастырудағы орнына ерекше тоқталып, бірлік пен тұрақтылық ел дамуының басты кепілі екендігін қорытындылады.
Басқа жаңалықтар