«Expedition Clean» – далалық тәжірбиеге арналған «Із қалдырма» (Leave No Trace) қағидалары бойынша тренингFarabi University

91ý

«Expedition Clean» – далалық тәжірбиеге арналған «Із қалдырма» (Leave No Trace) қағидалары бойынша тренинг

10 мамыр 2026
«Expedition Clean» – далалық тәжірбиеге арналған «Із қалдырма» (Leave No Trace) қағидалары бойынша тренинг

«Expedition Clean» – туризм мамандығы студенттеріне арналған «Із қалдырма» (Leave No Trace) қағидалары бойынша экологиялық тренинг. Бағдарлама табиғатта жауапты жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға және тұрақты туризмді дамытуға бағытталған. Экспедиция алдында студенттер экологиялық қауіпсіздік, табиғи аумақтарды қорғау және туристік этика бойынша арнайы дайындықтан өтті.

Далалық практика кезінде олар қоқыс қалдырмау, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану, от жағу қауіпсіздігін сақтау, белгіленген соқпақтармен жүру және флора мен фаунаға зиян келтірмеу қағидаларын орындады. Сонымен қатар, студенттер табиғаттағы антропогендік әсерді азайту жолдарын талқылап, экологиялық мәселелер бойынша командалық тапсырмалар орындады.

Нәтижесінде қатысушылар жауапты саяхат жасау, табиғатты қорғау және экотуризм қағидаларын тәжірибе жүзінде меңгерді.