- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4. «Қаржылық алаяқтықтан сақтану жолдары» тақырыбы аясында өткізілген іс шара
ТДМ 4. «Қаржылық алаяқтықтан сақтану жолдары» тақырыбы аясында өткізілген іс шара
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында қаржылық сауаттылық жобасы аясында «қаржылық алаяқтықтан сақтану жолдары» тақырыбы аясында іс-шара өткізілді. Өткізілген шараның мақсаты қатысушыларға қазіргі таңдағы қаржылық алаяқтықтың түрлерін түсіндіру, цифрлық және қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және жеке қаражатты қауіпсіз басқару жолдарын үйрету.
Қаржы нарығындағы қауіпсіздікті арттыру және азаматтарды алаяқтықтан қорғау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазіргі заманда ақшаның тек қолда ғана емес, цифрлық әлемде (картада, телефонда) екені белгілі.
Іс-шара барысында интернет алаяқтық, вишинг (телефон алаяқтық), қаржылық пирамидалар және әлеуметтік инженерия яғни адамның психологиялық сеніміне кіру арқылы ақша бопсалау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар өз қаражатыңызды сақтап қалу жолдары яғни қауіпсіздік ережелері қарастырылды.
Қатысушыларға алаяқтардың хаттары мен хабарламаларының үлгілері көрсетіліп, оларды қалай ажырату керек екені бойынша тапсырмалар берілді. Банк карталарының қауіпсіздігі және онлайн-сауда кезіндегі сақтық шаралары туралы сұрақтарына жауап алды.
Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы дайындалған «Алаяқтардан сақтанудың 10 қадамы» атты қауіпсіздік ережелері берілді.
Қатысушыларға егер алаяқтықтың құрбаны болса немесе күмәнді жағдайға тап болса, дереу банкке хабарласып, картаны бұғаттап, құқық қорғау органдарына (102) хабарласуы қажет екені ескертілді.
Қаржылық сауаттылық — бұл тек ақша жинау емес, сонымен қатар өз капиталыңды қорғай білу.
Басқа жаңалықтар