- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ҚАЗІРГІ САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТТАР» Студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы «ФАРАБИ ӘЛЕМІ 2026»
«ҚАЗІРГІ САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТТАР» Студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы «ФАРАБИ ӘЛЕМІ 2026»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби Әлемі – 2026» халықаралық ғылыми конференциясының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты рәсімге факультет басшылығы, оқытушылар құрамы және шақырылған қонақтар қатысты. Факультет деканы Б.Б. Мейрбаев өз сөзінде конференцияның жастардың ғылыми әлеуетін дамыту мен идея алмасуға арналған маңызды алаң екенін атап өтті.
Конференция жұмысы саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының «Қазіргі саясаттану ғылымындағы жаңа бағыттар» секциясынан басталды. Секция төрағасы – А.И. Бегимтаев. Комиссия құрамында С.Ш. Мусатаев, Л.М. Ким және М.М. Бузуртанова болды. Модератор – А.А. Абжаппарова.
Отырыс барысында студенттер мен магистранттардың баяндамалары тыңдалып, олар аудитория тарапынан қызығушылық тудырып, белсенді пікірталасқа ұласты. Қатысушылар зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін және тақырыптардың өзектілігін көрсетті.
Секцияға барлығы 33 баяндама ұсынылды.
Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының «Қазіргі саяси ғылымдағы жаңа бағыттар» секциясының нәтижелері бойынша
Келесі қатысушылар ұсынылды:
Диплом 1 орын
1. Серік Әділ Бауыржанұлы – 7M03108 Конфликтология, 2 курс. Жетекшісі:: Рахимбекова Б.К., тарих ғ.к., аға оқытушысы. «Қазақстандағы мұнай саласының инфрақұрылымының артықшылықтары мен әлсіз тұстары
Диплом 2 орын
1. Төребек Әлнұр Қуанышбекұлы – 7M03108 Конфликтология, 1 курс. Жетекшісі: Исмуханова, Г. Г., әлеум.ғ.к., доцент-зерттеуші. «Сценарии развития Казахстана как средней державы».
2. Асафова Венера Валериевна – «6B03106 – Саясаттану» мамандығының 4-курс студенті. ылыми жетекшісі: Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының доценті Саитова Н.А. «Параметры петиций и вероятность их конверсии в политические решения в Казахстане».
Диплом 3 орын
1. Сорокина Арина Витальевна – Саясаттану, 2-курс магистранты. Жетекшісі: с.ғ.д., профессор Зайниева Л.Ю. «Приоритетные направления стратегического партнерства Республики Казахстан и БРИКС+».
2. Аубакирова Жания Мухаметжановна – – «6B03106 – Саясаттану» мамандығының 4-курс студенті. Жетекшісі: Исмуханова, Г. Г., әлеум.ғ.к., доцент-зерттеуші. «Саяси дискурстың құндылықтық құрылымы: «Жаңа Қазақстан» мысалында».
3. Сисенбердиева Айдана Ерланкызы – 7M03108 Конфликтология, 2 курс. Жетекшісі: PhD, профессор Абель Полезе. «Современные женские протесты: глобальные тренды и механизмы мобилизации (сравнительный анализ кейсов: Иран, США, Южная Африка)».
Абжаппарова А.А.
Басқа жаңалықтар