- Басты бет
- Жаңалықтар
- Молекулалық биология және генетика кафедрасында БҰҰ ТДМ контекстіндегі генетика және биоэтика мәселелеріне арналған кураторлық сағат өтті
Молекулалық биология және генетика кафедрасында БҰҰ ТДМ контекстіндегі генетика және биоэтика мәселелеріне арналған кураторлық сағат өтті
2026 жылғы 24 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында «Генетика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне арналған «Генетика және биоэтика: араласу шекаралары» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның ұйымдастырушысы әрі спикері ретінде педагогикалық практика аясында магистрант Ибрагимова Лейла қатысты. Кураторлық сағат топ эдвайзері А.И. Жусупованың және педагогикалық практика жетекшісі Ш.М. Ырғынбаеваның жетекшілігімен өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің заманауи генетикалық зерттеулердің этикалық аспектілері туралы түсінігін қалыптастыру, сондай-ақ биологиялық ғылымдардың Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізудегі рөлін зерделеу болды. Талқылау барысында генетикалық технологиялардың дамуындағы өзекті мәселелер, соның ішінде геномды редакциялау, CRISPR/Cas жүйелерін қолдану, генетикалық тестілеу, биологиялық қауіпсіздік және адам, жануарлар мен өсімдіктердің генетикалық табиғатына араласудың биоэтикалық шектеулері қарастырылды. Студенттер қазіргі биотехнологиялардың ғылыми, әлеуметтік және философиялық қырларын талқылап, зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық биоэтикалық қағидаттарды сақтаудың маңыздылығына назар аударды. Генетиканың БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен өзара байланысына ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар биологиялық және генетикалық зерттеулердің БҰҰ ТДМ-на қол жеткізуге, соның ішінде ТДМ 3 «Сапалы денсаулық және әл-ауқат» және ТДМ 4 «Сапалы білім беру» мақсаттарына елеулі үлес қосатынын атап өтті. Генетика ғылымының дамуы ауруларды диагностикалаудың инновациялық әдістерін әзірлеуге, биоалуантүрлілікті сақтауға, тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға және биомедициналық технологияларды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Кураторлық сағат аясында студенттер адам геномына араласудың рұқсат етілген шекаралары және ғалымдардың қоғам алдындағы жауапкершілігі мәселелері бойынша пікірталасқа қатысты. Сонымен қатар клондау, эмбриондарды генетикалық редакциялау және генетикалық деректерді пайдалану мәселелеріне байланысты халықаралық биоэтикалық пікірталастардың мысалдары қарастырылды. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттердің сыни ойлау қабілетін, академиялық мәдениетін және зерттеушілік құзыреттерін дамытуға ықпал етті. Қатысушылар талқыланған тақырыптың өзектілігін және биоэтикалық қағидаттарды болашақ генетика және молекулалық биология мамандарын даярлау үдерісіне интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті. Осындай кураторлық сағаттарды өткізу студенттердің ғылыми дүниетанымын, әлеуметтік жауапкершілігін және заманауи биологиялық ғылымдағы тұрақты дамудың маңызын түсінуін қалыптастыруға ықпал етеді.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы