Қазақ мәдениетіне құрметFarabi University

91ý

Қазақ мәдениетіне құрмет

13 мамыр 2026
Қазақ мәдениетіне құрмет

Қазіргі жаһандану за­ма­нын­­да ұлттық мәдениет, ше­жіре-тарих тамырына үңілу кен­желеп қалғаны жасырын емес. Ұлттың тағдыры тілге байланған болса, ұлттық болмыс пен таным-түсінік сол ұлт өкілдерінің рухани әрі материалдық өркендеу өресіне сай өсіп-өрбитіні, жетіліп кең етек жаятынын тарих көрсетіп келеді. Ұлттың жан-дүниесі төл тілі арқылы өлең боп өріліп, мәдениет болып танылады емес пе?! Жер бетінде қанша ұлт, қанша мәдениет болса, бәрі бірдей тең, тамыры терең деген ұстанымда екенімді жасырмаймын. Ұлт мәдение­ті­нің сыртқы сипатының бірі – оның тұрмыс-тіршілігіне сай икемделген киімінде. 

Менің профессор Алек­сан­дра Цавдаримен таныстығым осы­дан төрт жыл бұрын ол кісінің ҚазҰУ-ға кезекті сапары кезінде басталған еді. «Адам сөйлескенше, жылқы кісінес­кен­ше» демекші, әңгіме өрбіте келе, ол кісінің ғылыми қы­ры­нан бөлек, мәдениетке ерекше құш­тар екенін аңғардым. Көр­ген-білгенін қойын дәптеріне түр­тіп алмаса да, көкірек жа­дына түйе жүретінін аңғарып, ерекше тәнті болдым. ылыми ынтымақтастықтың мәдени жал­ғастыққа бастау бола ала­тын күш екеніне анық көзім жетті. Айтпағым, Клуж-На­по­ка­дағы Бабеш-Боляй универ­си­тетінің профессоры Алек­сан­дра Цавдари өз елінде қазақ мә­дениетін дәріптеп, ірі жиын­дарда, тіпті телеарнаға сұхбат бер­генде де қазақтың кам­золын киіп, әшекей-бұйым­да­рын таға жүреді. 
Көңілге көктем орнатып, жан­ға жылу сыйлайтын мұндай құбылысты неге жазбасқа, неге көпшілікке танытпасқа?! Аналитикалық, коллоидтық хи­мия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында ҚазҰУ студенттері мен магис­трант­тарына дәріс оқып, қазақ мәдениетіне құрмет көрсете білген ерекше жан әрқашан қуаныш пен ізгілікке бөлене берсін дегім келеді. 

Қайса ӘБШҮКІР, 
ҚазҰУ доценті