«ЖАЗБА ЖӘДІГЕР ЖӘНЕ РУХАНИ МҰРА» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КЕЗДЕСУFarabi University

91ý

«ЖАЗБА ЖӘДІГЕР ЖӘНЕ РУХАНИ МҰРА» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КЕЗДЕСУ

13 мамыр 2026
«ЖАЗБА ЖӘДІГЕР ЖӘНЕ РУХАНИ МҰРА» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КЕЗДЕСУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің жанындағы «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығында белгілі түркітанушы ғалым, профессор Зубайда Шадкамның жетекшілігімен жас зерттеушілермен ғылыми-танымдық кездесу өтті.

Орталық қонақтары ретінде Ұзынағаш ауылы орта мектебінің оқушылары Әділнұр Елсая мен Нұрланқызы Кәусар ғылыми жетекшісі Керимбаева Гүлжайнамен бірге қатысты. Қазіргі таңда жас зерттеушілер «Ортағасырлық түркі шипагерлік дәстүрі» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде. Аталған жоба облыстық кезеңде І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.Кездесу барысында профессор Зубайда Шадкам ғылыми кеңес өткізіп, жазба деректерді зерттеу, түркі медицинасының тарихы және ғылыми зерттеу әдістемесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Жас зерттеушілер өз жобаларын одан әрі жетілдіруге бағытталған құнды ғылыми ұсыныстар мен кәсіби кеңестер алды. Айта кету керек, профессор Зубайда Шадкам студенттер, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар мен мектеп оқушыларына арнап түркітану, жазба мұра және рухани мәдениет мәселелері бойынша ғылыми кездесулер, семинарлар мен кеңес беру шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Мұндай бастамалар ғылыми орта қалыптастыруға, тәжірибе алмасуға және жас зерттеушілерді қолдауға үлкен ықпал етеді.

                                                                                        

                                                                                        Дулаева Эльнара Зильпикаровна