Журналистика факультеті түлектерінің 50 жылдық мерейтойлық кездесу шарасы
11 мамыр 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған түлектердің 50 жылдық мерейтойлық кездесуіне орай ҚазҰУ музейіне арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Кездесу барысында түлектер университет тарихымен, музей қорындағы құнды жәдігерлермен және ҚазҰУ-дың даму кезеңдерімен танысты. Қонақтар студенттік жылдарын еске алып, факультеттің қалыптасуы мен журналистика саласының дамуы туралы естеліктерімен бөлісті.
Мерейтойлық шара түлектер арасындағы рухани байланысты нығайтып, университетке деген құрмет пен сағынышты ерекше атмосферада тоғыстырды.

