Бейжіңдегі «Чжунгуаньцунь ғылыми қаласы» инновациялар және даму компаниясы делегациясының ҚазҰУ музейіне келуіFarabi University

91ý

Бейжіңдегі «Чжунгуаньцунь ғылыми қаласы» инновациялар және даму компаниясы делегациясының ҚазҰУ музейіне келуі

5 мамыр 2026
Бейжіңдегі «Чжунгуаньцунь ғылыми қаласы» инновациялар және даму компаниясы делегациясының ҚазҰУ музейіне келуі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейіне Қытайдың жетекші ғылыми-технологиялық орталықтарының бірі саналатын Бейжіңдегі «Чжунгуаньцунь ғылыми қаласы» инновациялар және даму компаниясының делегациясы келді.

Сапар барысында қонақтар университеттің тарихымен, ҚазҰУ ғалымдарының жетістіктерімен және университеттің инновациялық ғылыми жобаларымен танысты. Делегация ҚазҰУ жас ғалымдарының зерттеулеріне, цифрлық технологиялар саласындағы жобаларға және халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық танытты.

«Чжунгуаньцунь ғылыми қаласы» - ғылыми-зерттеу институттарын, жоғары технологиялық компанияларды және инновациялық орталықтарды біріктіретін Қытайдың ірі инновациялық кластері.

Кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.