«ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫ СТУДЕНТ – САНАЛЫ АЗАМАТ»Farabi University

91ý

«ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫ СТУДЕНТ – САНАЛЫ АЗАМАТ»

30 сәуір 2026
«ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫ СТУДЕНТ – САНАЛЫ АЗАМАТ»

2026 жылдың 30-сәуірі күні әл-Фараби атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Химия және химиялық технология факультетінің №13 жатақханасында студенттермен «Құқықтық сауатты студент – саналы азамат» тақырыбында кездесу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті насихаттау болды. Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, академиялық адалдық, қоғамдық тәртіпті сақтау, интернет қауіпсіздігі және студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен ақпарат берілді.

Шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, жастарды заңды құрметтеуге, жауапкершілікті сезінуге және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға шақыратын пайдалы кеңестер айтылды.

Мұндай танымдық кездесулер студенттердің құқықтық білімін жетілдіріп қана қоймай, олардың қоғамдағы жауапкершілігін арттыруға үлкен септігін тигізеді.

Факультеттің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі

 декан орынбасары Жақсылықова Г.Ж.